ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/30/2021 76

АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешіті, Жастар ісі секторының  ұйымдастыруымен жас шәкірттер арасында Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтудан жарыс өтті.

Сайыс үш кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде қатысушылар 99 көркем есі ді жатқа айтса, екінші кезеңде қағаз бен қалам алып, тапсырмалар орындады. Шешуші кезеңде қазақша мағынада берілген есімді араб тілінде айту талап етілді.

Жарысқа қатысқан жиырмаға жуық  шәкірттерге “Жастарға арналған 30 хадис” кітабы және таспихтер тарту етіліп, мадақтама қағаздарымен марапатталды. Алғашқы үш орынды иеленген қатысушыларға жайнамаздар берілді.