ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/30/2024 13

ҚАМЫСТЫБАСТА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан “Рысмағанбет ишан” мешітінде Мәуліт айына орай рухани шара ұйымдастырылып, салауат оқылды.
Жастар ісі секторының мұрындық болуымен өткен шараға Арал ауданы “Арал аудандық орталық”мешітінің Бас имамы Қабылғазиев Қайырхан Табысұлы, наиб имамы Кенесханов Нұржан, мешіт ұстазы Теміров Айболат қатысты.
Мешіт асханасында арнайы дастархан жайылып, дұға жасалды.
Сондай-ақ, спорттық сайыс ұйымдастырылып,  жүлделі орын алғандары алхыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарды қанжығаларына байлады.