ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/23/2019 330

Арал: “ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ”: 142-баспана табысталды

ҚМДБ “Зекет қоры” қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,”Арал аудандық Орталық мешіт” жамағаты және кәсіпкерлердің бірігуімен “Ел үлесі пәтерге” әлеуметтік жобасы аясында Аралдық отбасы баспаналы болды.

Айта кетейік, аталмыш жоба басталғалы бері республика бойынша 142 баспана сыйға берілсе, Қызылорда облысының өзінде 16 үй әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табысталды. Бұл жолы да әдетінен жаңылмаған игі жоба Қызылорда облысына қарасты Арал ауданында тұратын жалғыз басты ана мен балаларын қуанышқа бөледі.

Пәтер кілтін табыстау салтанатына қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы, “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінің бас имамы Болатбек  Ұласқанұлы, ҚМДБ “Зекет қоры” корпоративтік қорының Қызылорда обылысы бойынша өкілі Жидебаев Оңталап құттықтап жаңа пәтер кілтін табыстады.

Шара соңында өкіл имам Б.Абуов сол үйдің салынып бітуіне бас-қасында жүрген жанашыр азаматтарға ризашылығын жеткізіп, алғыс білдірді.

Сонымен қатар, ҚМДБ Зекет қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бас имам Болатбек Ұласқанұлы Қазалы ауданының тұрғыны Тұрышов Ерболдың отасына (операциясына) көмек ретінде 50 000тг көлеміндегі қайырымдылық сертификатын анасы Аяпбергенова Айнагүлге табыс етіп, аман-есен жазылып келуін тіледі.