ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/10/2025 98

Арал: Үстел теннисінен турнир өтті

Аралда мешіт жамағаты арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай үстел теннисінен турнир өтті.

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен спорттық бәсекеге Арал қаласының жамағаттары қатысты. Арал ауданының бас имамы Мырзағазиев Ануардың айтуынша, спорттық шараның мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен бірге ауызбірлікті нығайту.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар берілді.