ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/04/2025 74

АРАЛДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен “Арал аудандық орталық” мешітінде “САҒЫНДЫРҒАН АЛЛА ЕЛШІСІ – МҰХАМЕД (ﷺ)” атты мәуліт кеші өткізілді.
Рухани кештің басында “Арал аудандық орталық” мешітінің бас имамы Мырзағазиев Әнуар жамағатқа Алла елшісінің өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтты.
Мешітіміздің ұстазы Тулегенов Айболат дін мен дәстүр және Пайғамбарымыздың (ﷺ) өміріне қатысты сұрақ – жауап ұйымдастырып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар мешітімізде көп жылдан бері қызмет жасап келе жатырған ағамызға демеушілердің көмегімен шипажайға жолдама берілді.
Шара барысында рухани жыр-терме орындалып, кештің соңы Мәуліт жырын оқып, ақсақалдардың батасымен аяқталды.