
Аралда аудандық және ауылдық мешіт қызметкерлеріне арналған «Уақып – сауабы сарқылмайтын садақа» атты семинар өтті.
Жиында ҚМДБ «Уақып» қорының өңірдегі жауапты маманы Оңталап Тасболатұлы уақып мәдениетін дамыту, қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілікті кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарды күшейтудің маңызын атап өтті.
Сондай-ақ дін мен қоғамның өзара ықпалдастығын арттыру, мешіттерде уақып бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мәселелері сөз болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

3