ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/22/2019 9

Аралда жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрлыс ауылында жаңа мешіт ғимаратының ашылуы рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудандық маслихат хатшысы Мәденов Дәуренбек, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталған шарада қонақтар ауыл халқын жаңа құлшылық үйімен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізген соң, лента қию рәсімі өткізілді.
Бұдан кейін қонақтар мешіт ішінде сәлем намазын оқып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.