ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/11/2022 555

АРАЛДЫҚ БАЛАҚАЙЛАРҒА АЙТТЫҚ ТАРАТЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Арал аудандық орталық мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен балаларға айттық таратылды.

Нақтырақ айтар болсақ, мешіттің ерікті жастары кешкі уақытта қала орталығына серуен құрып жүрген балаларға тәтті сусындар мен балмұздақтар таратып, мерекемен құттықтады.

Қасиетті Құрбан айт мейрамының шарапатын сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған игі шара үшін балақайлар мен ата-аналар алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі