ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/20/2023 17

АРАЛДЫҚ ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Абуов аралдық имамдарға семинар өтті.
Аудан және оған қарасты ауыл мешіттері дін қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада Сыр өңірінің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы “Ислам және ізгі қоғам” жылы аясында іске асырылатын ауқымды жобалар мен мүфтият тарапынан бекітілген жұмыс жоспарын таныстырды.
Сондай-ақ дін қызметкерлерінің уағыз-насихат жүргізу әдебі мен келуші жамағатпен көркем мәміледе болуының маңыздылығын түсіндіріп, діни дәрістер өткізудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Сөз соңында, әлеуметтік жағдайына қарамастан, әлеуметтің игілігі үшін еңбек етіп жүрген ауыл имамдарына алғыс білдірді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі