ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/28/2020 145

АРДАГЕР ИМАМДАР МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН НАГРАДТАЛДЫ

Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарын мерекелік медальмен марапаттау рәсімі өтті.
Облыстың Бас имамы Болатбек Абуов келелі басқосуға қатысқандарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемі мен шексіз ризашылығын жеткізіп, бірқатар азаматтарға ҚМДБ-ның 30 жылдық мерекелік медалін табыстады.
Діни басқармаға 30 жыл толуына орай марапатталған Д.Үркімбай, М.Алдашбаев, С.Омаров, Д.Рысбай, Қ.Дәуіржанұлы сынды азаматтар – 15-30 жыл аралығында имамдық қызмет атқарған дін қызметкерлері. Өткенге көз жүгіртіп, қайталанбас естеліктерімен бөліскен ардагер имамдар үлкенге құрмет көрсеткен басшылық пен кіші буынға алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, Бас имам аймақ мешіттерінде қызмет атқарушы Ш.Пірімбетов, Ә.Умбетов, М.Баймұратов, Е.Каменов, Н.Рахметуллаев, Г.Амидуллаев секілді қызметкерлерге де Қызылорда облысының дін істері басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қ.Жанұзақовтың алғыс хатын табыстады.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өңірдің Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы да мерекелік медальмен марапатталған болатын.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі