
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №3010 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешітінің бас имамы қызметіне Қожанов Рахат тағайындалды.
Аталмыш қызметті осы кезге дейін абыроймен атқарып келген Тобжанов Өміржан, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №3009 бұйрығына сәйкес, Қызылорда қалалық орталық “Нұр” мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне ауысты.
——————————————
Қожанов Рахат Серікбайұлы
Білімі:
2015-2019 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқыған.
2019-2021 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2019 жылдың мамыр-қазан айларында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, 1 май ауылы “Мұстафа Шоқай” мешітінің наиб имамы;
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары айларында Қызылорда қаласы “Ақмешіт-Сырдария” облыстық орталық мешітінің наиб имамы;
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
——————————————–
Тобжанов Өміржан Жұмаділдаұлы
Білімі:
2015-2019 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алған.
Еңбек жолы:
2019-2022 жж. Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің наиб имамы;
2022-2023 жж. Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешітінің бас имамы;
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық орталық “Нұр” мешітінің бірінші наиб имамы қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

