ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/27/2021 164

ҚАРМАҚШЫ: «Таза әлем» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

Көктем мезгілі келгенде жылдағы үрдіс бойынша сенбілік шаралары ұдайы жүргізілуде. Бүгінде осындай игі шара ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Жастар ісі секторы және «Мүсірәлі сопы әзіз» мешітінің ұйымдастыруымен «Таза әлем» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталмыш акцияға мешіт қызметкерлерімен бірге ауыл және қала жастары әрі жұдырықтай жұмылған жамағаттар ат салысты.
Тазалық шарасында әдеттегідей арық көздері және мешіт ауласы қоқыстан тазартылды.
Алда иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі