ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/18/2021 741

Қармақшы: ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық мешіті, Жастар ісі секторының мұрындық болуымен аудан жастарымен кездесу өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, “Жастар және дін” жобасы аясында өткен жүздесу Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде Қармақшы ауданының бас имамы Абенов Жақсыбек Әбиұлы және “Жастар ресурстық орталығының” мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Сұхбат барысында спикерлер  колледж студенттерімен еркін форматта әңгіме-дүкен құрып,тағылымды өсиеттерімен және ағалық ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жиын соңында
сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдгінің баспасөз қызметі