ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/16/2021 743

ҚАРМАҚШЫДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Қармақшы ауданында сапарда болды.
Сапар барысында бас имам жыраулар өлкесінде ұйымдастырылған қайырымдылық шараларына қатысты.
Нақтырақ айтар болсақ, өңірдегі алты бала тәрбиелеп отырған мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптыларға жаңа пәтер кілтін табыстап, қуанышты сәтіне куә болды. ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының республикалық “Ел үлесі пәтерге” жобасы аясындағы 388-баспанасы қармақшылық жанұяға бұйырды.
Бұдан кейін  бас имам үйі өртеніп, қиындыққа ұшыраған екі отбасыға 100 000тг көлеміндегі қаржылай көмек пен  50 отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.
Шара соңында Болатбек Ұласқанұлы Қармақшыдағы қайырымды істердің жүзеге асуына үлес қосқан жергілікті жанашыр азаматтар мен 1991 жылы туылған Тәуелсіздік құрдастарына алғыс білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі