ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен футбол ойыны өтті.
Мешітке келуші аудан жастары теңбіл доп алаңында кездесті. Бүгінде мұндай спорттық сайыстарды жиі өткізу дәстүрге айналған.
Достық кездесудің мақсаты – жамағатты салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеп қана қоймай, толеранттылық пен бауырмалдылыққа, бірлікке тәрбиелеу.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Мешітке келуші шәкірттер арасында шағын футбол ойыны өтті.




