ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/10/2025 22

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қызылорда қалалық «Мырқы қажы» мешітінің ұйымдастыруымен қарттарға ақ дастархан жайылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай өткен шарада мешіт имамы Айтжан Мұсаұлы Қарттар үйінің қарияларымен салиқалы сұхбат құрып, ақ баталарын алды.
Сондай-ақ, шара барысында күмбірлеген күй мен жырдан шашу шашылып, қонақтарға сый-сияпат табысталды.
Рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне қала орталығында орналасқан «Күріш» мейрамханасы қолдау көрсетті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі