ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
04/22/2024 8

ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы ауданы, Төратам кенті “Ар-Рахман” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында өңірдегі тұрмысы төмен 5 отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Қоғамда әрдайым көмек көрсетуге ниетті қамқор азаматтар барда арамыздағы мұқтаж кісілердің жүздеріне күлкі үйірілтетін іс-шаралар одан әрі жалғасын таба бермек.

Игі шараға келген отбасылар разы болып, демеуші азаматтарға, мешіт әкімшілігіне ризашылығын білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі