Шиеліде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға байланысты семинар өтті.
Шиелі Индустриалды Аграрлык Колледжінде өткен семинарда ауданның бас имамы Рахат Серікбайұлы 1-курс студенттеріне қаржылық сауатты болудың маңыздылығы мен исламдағы ысырапшылдықтың зияны туралы насихат айтып, кеңесімен бөлісті.
Сонымен қатар жат ағымның жетегінде кетуден сақтану, лудомания, топтық төбелес және т.б. тақырыптарда сөз қозғады . Аудан имамы жас студенттердің сұрақтарына жауап беріп, басқан қадамдарына сәттілік тіледі