ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/23/2021 304

«АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ», «ЗИРАТ ЖӘНЕ ЗИЯРАТ ӘДЕБІ» ҚҰЖАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сыр өңіріндегі кезекті кураторлық жиын Шиелі ауданында өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің Шиелі ауданына жауапты кураторы, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Шыңғысхан Жапарханұлы ҚМДБ қабылдаған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат әдебі» құжаттарын таныстырып, ысырапшылдық зияны мен шариғат қағидаларына қайшы келетін әдеттерді түсіндірді. Сонымен қатар, аталмыш құжаттарда көрсетілген мәліметтер бойынша жергілікті халықтың ақпараттандырылуын тапсырды.
Жиын соңында Ш.Садуов мүфтият бекіткен жеті бағыт бойынша бағдар беріп, дәстүрлі исламды наисхаттауда дін қызметкерлеріне тән көркем мінезділік пен парасаттылықты ту етуін, жамағатпен тығыз байланыс орнатуын, мешіттердегі діни дәрістер мен уағыз-сабақтардың үзілмеуін, жат діни ағыммен күрес жұмыстарының жүйелі жүргізілуін, мешіттердегі діни әдебиеттердің саралануын, жол бойында орналасқан мешіттерде жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуын, жергілікті кәсіпорындардың халал талаптарына сай жұмыс жасауын жіті қадағалауды тапсырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі