ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданы “Халық” мешітінде Қазақстан Республикасының Ата заңының 30 -жылдық мерекесіне орай жамағаттарының арасында Ұлттық спорт ойындарын дәріптеу мақсатында командалық жарыс өткізілді.
Игі шараға Аудан имамы Нұрдаулет Асқарұлы және Орынбаев Арғын ағамыз жиналған жамағатқа Мемлекетіміздің Ата заңының 30-жылдық мерей тойымен құттықтап ниет тілектерін білдіріп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүлделі орыннан көрінгендер
1- ші орын Халық мешіті
2-ші орын Әли-Муса мешіті
3- орын Жанқожа мешіті иеленді жарыс жеңімпаздарына қаржылай сертификат табысталды.
Еліміз аман жұртымыз тыныш Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын.





