ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/30/2023 12

АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ ҚАБЫЛДАНҒАН КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан “Халық” мешіті, Жастар ісі секторының  ұйымдастыруымен ата заңымыздың қабылданған күні, яғни конституция күні өскелең жас жеткіншектер арасында мерекелік көңіл күйде аталып өтті.
Әйтеке би кентінде жақында ғана бой көтерген “Халық” мешітінде аудан орталығындағы медресе мен мешіттерде тәлім алып жатырған 60 шәкіртке арналып мерекелік дастарқан жайылды.
Мешіт имамдары мен ұстаздары дастарқан басындағы “Отанды сүю” тақырыбындағы насихатынан кейін, аудан орталығында орналасқан Рәміздер алаңына шәкірттерді арнайы апарып, ата заңымыздың қысқаша тарихына шолу жасады, ұлттық рәміздерімізбен таныстырып, әнұранды асқақтатып айтып патриоттық сезімдері оянып қайтты.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі