ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/18/2023 72

АТАЛАР МЕКТЕБІН ЖАҢҒЫРТУ

Қазалыда аталар мектебін жаңғырту ниетімен «Аталар – асыл қазына» атты аудандық семинар өтті.
Шараға Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудан-ауыл мешіттерінің имамдары мен ақсақалдар қатысты.
Келелі кездесуде бас имам қарилардың исламдағы орны, ұрпақ тәрбиесі мен кемел қоғам қалыптастырудағы рөлі туралы насихат айтса, аталарымыз бастаманың маңыздылығына тоқталып, салмақты ойларымен бөлісті.
ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында бастау алған игі жобаның түпкі мақсаты – ақсақалдар арасында «бата беру», «өнегелі өсиет», т.б. сайыстар мен түрлі семинарлар ұйымдастыру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі