АТТ мүшелері Қазалы ауданына қарасты Абай, Ақтан батыр, Бекарыстан би, Қазалы қаласы, Жанқожа батыр ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Іс – шараның мақсаты деструктивті діни ағымдардың алдын алу және әлеуметтік желіден білім алудың зардаптары турасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Шараға Қазалы ауданының бас имамы Нұрдәулет Асқарұлы , қоғамдық даму бөлімінің бас маманы
Эдуар Бақытбек, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының Қазалы ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Дәулетсейд Дарханұлы қатысты.