Ағымдағы жылдың 17 қазан күні облыстық діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының Сырдария ауданы бойынша мүшелері ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдық округтерінің түрғындарымен және аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Жастар ісі секторының ұйымжастыруымен өткен кездесулердеСырдария ауданының бас имамы Болатбеков Нұрсұлтан Сырдария аудандық полиция бөлімі, криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Алиев Дұлат, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Сейілханов Мұхамед зайырлылық қағидаттары, жат ағымдардан сақтану, терроризм мен экстремизмнің алдын алу, ел тұтастығын сақтаудағы ұлттық құндылықтардың рөлі, ұрпақ тәрбиесі, адамгершілік нормалары туралы насихат айтыр, жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басқосу соңында сала мамандары мен қатысушылар өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісті.