ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/24/2020 99

АУЫЛ МЕШІТІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Абуов Шиелі ауданына жасаған жұмыс сапарында Еңбекші ауылына ат басын бұрды.

«30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық акциясы аясында күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылған ауылдық «Баба ата» мешітінің едені жылу жүйесімен қамтамыз етіліп, күмбезі мен ғимараттың іші-сырты қайта әрленген, терезелері ауыстырылған және жаңа пеш орнатылып, толығымен жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеуден кейінгі өзгерістермен танысқан Бас имам Болатбек Ұласқанұлы жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғысын жеткізді.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай, «30 құдық», «30 көпір», «30 мың түп тал отырғызу» сынды игі бастамалар қолға алынған болатын. Мерейтойға арналған ірі жобалардың бірі – «30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу» болып табылады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі