ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/28/2026 2

«ҚАЗАЛЫ» ҚАРИЛАР ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің Қызылорда облысы бойынша жауапты жетекшісі Нұрсұлтан Уәлиұлы Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында наиб имам «Қазалы» қарилар дайындау орталығының жұмысымен танысып, білім алып жатқан шәкірттермен кездесті. Кездесу барысында Құран ілімін терең меңгерудің маңыздылығына тоқталып, шәкірттерге білім жолында табандылық танытып, алған ілімдерін ел игілігіне жұмсауға үндеді.
Айта кетейік, «Қазалы» қарилар дайындау орталығы 2022 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда шәкірттер Құран Кәрімді жаттау, тәжуид қағидаларын меңгеру және діни білімдерін жетілдіру бағытында жүйелі білім алуда.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі