ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
03/25/2021 172

ҚАЗАЛЫ: «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты таныстырылды

Қазалыда ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында мешіт жамағатымен кездесу өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқрамасы бекіткен «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты таныстырылды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Жастар ісі» секторы және Қазалы аудандық Жанқожа батыр мешітінің ұйымдастыруымен өткен шараға аудан ақсақалдары мен жас жамағат қатысты.

Кездесу соңында «Өзге дін ағымдарының алдын алу мәселелері» тақырыбында жастардың діни сенімдерінің бұзылуына жол бермеу, діни сананы қалыптастыру, әлеуметтік желілердегі теріс ағымды дәріптейтін сайттардың зардабы турасында да насихат айтылды.