ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/29/2024 28

ҚАЗАЛЫДА АЗАНШЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы ауданы “Қожаназар ишан” мешіті, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен аудан мешіттерінің жамағаты арасында «Әуезді Азаншы» атты азаншылар жарысы өтті.

Шараның басында аудан имамы Нұрдәулет Асқарұлы азан айтудың дініміздегі артықшылықтары мен сауабына тоқталды. Мешіт имамы Ешмахан Рүстем имамға алғыс білдіріп,сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудан және ауыл мешіттерінен қатысқан 13 үміткердің ішінен Жәми Қуаныш («Қожаназар ишан» мешіті) топ жарып, жарыстың жеңімпазы атанды. ІІ орын 2 үміткерге Бекетұлы Мұқағали (”Әзілхан ишан” мешіті) және Сағымбай Хамит(“Жиенәлі ахун”мешіті) бұйырса, Загидулла Азамат(«Жанқожа батыр» мешіті) және Моряк Мадияр(“Сарықұл қожа” мешіті) жүлделі ІІІ орынды өзара бөлісті.

I-орын 15 000 тг.
II-орын 10 000 тг
III-орын 5000 тг

Ал қалған барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қазақ халқында «Азаны бар ел азбайды, бірлігі бар ел тозбайды» дейді. Азан айтылғанда мұсылмандардың мешітке қарай бет алып, иық тіресіп намаз оқуы ауызбіршіліктің айғағы екені сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі