ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/25/2019 93

ҚАЗАЛЫДА: “Әдепті қыз – Өнегелі келін” байқауы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешіті, “Әйелдер-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Әдепті қыз-Өнегелі келін” атты мешіт шәкірттері арасында байқау болып өтті.

Өзін таныстыру; хадис айту; салт-дәстүр; ырым-тиымдардың шариғатпен байланысуы; қолөнер сынды бес бөлімнен тұратын жарысқа барлығы 13 үміткер қатысып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Сайысқа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Л.Сыдықова, Арал аудандық орталық мешітінің ұстазы М.Жанназарова, Қазалы аудандық орталық “Жанқожа батыр” мешітінің ұстазы З.Аймағамбетовалар төрелік жасады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:

І-орын Б.Полат

ІІ-орын А.Балғараш

ІІІ-орын иеленген Н.Шаймырзаевалар үздік деп танылып, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, орын алмаған үміткерлерге де ынталандыру сыйлықтары табысталды.