ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/10/2021 462

ҚАЗАЛЫДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, “Жастар ісі” секторы және Қазалы ауданы, Ү.Түктібаев ауылдық “Орынбет ишан” мешітінің ұйымдастыруымен Орынбет ишан Дәрменқұлұлының 200 жылдығына орай «Ортамыздың құты Орынбет ишан» атты ауқымды шара өтті.
Облыстық жас ақындар айтысына қатысушы сөз зергерлерін Майдакөл ауылдық клубының меңгерушісі, ақын, сазгер Ермекбай Ағырай таныстырып, аламанды бастап кетті.
Жас ақындар жұртшылыққа кестелі жыр, сүбелі сөз сайысын паш етті. Айтыстың ақтық сынында бас жүлдені жалағаштық жас ақын Қартбай Мейіржан қанжығасына байласа, бірінші орынға Қызылорда қаласынан келген Бақытәлі Жамбыл ие болды. Екінші орынды майдакөлдік Бекзат Серіков, үшінші орынды Қызылорда қаласынан келген Бекқожа Нұржігіт пен қармақшылық Бекқанат Смайлұлы місе тұтты.
Ү.Түктібаев ауылдық клубында өткен шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Мұнан соң Орынбет ишан Дәрменқұлұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараны жоғары деңгейде өтуіне ерекше үлес қосқан Ү.Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ғабдулла Иниятуллаұлына аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.
Облыстық жас ақындар айтысын аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Жанқожа батыр атындағы аудандық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов қатысып, жас ақындардың айтысын тыңдады.
Орынбет ишан Дәрменқұлұлының 200 жылдығына орай Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептің спорт залында қазақша күрес, батпан көтеру және қол күресінен жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды.