ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
07/26/2022 141

ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕР ТЕҢБІЛ ДОП АЛАҢЫНДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы ауданы, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.

Теңбіл доп алаңында өткен сайыста аудандық “Жанқожа батыр” және “Қожаназар ишан” мешіттерінде білім алушы жас жеткіншектерден құралған командалар бәйгеге түсті.

Дода оң нәтиже көрсетіп, оза шапқан  құрамалар жүлделі орындарды иемденіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі