
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Қажылық 2026» тақырыбында семинар өтті.
Жиында облыстық мешіттің бірінші наиб имамы Жақсыбек Әбенов қажылықтың рухани маңызы туралы насихат айтып, қасиетті сапарға дайындалу әдебі мен орындалатын негізгі амалдарға тоқталды. Сонымен қатар, қажылық сапарына тек арнайы рұқсаты бар туроператорлар арқылы барудың маңыздылығын түсіндірді.
Семинар соңында қатысушыларға “Tawaf Travel” компаниясының қызметі жөнінде баяндалып, қажылыққа қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

1