ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/16/2025 562

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ӘКЕ БЕЙНЕСІ

Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығында «Қазіргі замандағы әке бейнесі» тақырыбында жас әкелердің басқосуы өтті.

Әкелер күніне орай TEDx форматында ұйымдастырылған шараға шақырылған қонақтар қатарында Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Жандос Бектайұлы болды. Олар спикер ретінде сөз сөйлеп, әкенің отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, ұлттық құндылықтар мен заманауи қоғамдағы әке моделінің маңыздылығы жөнінде өз тәжірибелерімен және ой-толғамдарымен бөлісті.

Шара барысында қатысушылар ашық пікір алмасып, қазіргі замандағы әкелердің алдында тұрған басты міндеттер, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтаудың жолдары мен әдістері туралы ұсыныстар айтты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі