ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/18/2023 120

БАЛАЛАРҒА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ТАРТУ ЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы әзіз” мешіті, Жастар ісі секторының  ұйымдастыруымен бастау алған “Әр жұма жақсылық жаса” жобасы жалғасын табуда.
Аталмыш жобаның кезекті шарасында Ақай ауылындағы ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға ұялы телефондар тарту етілді.
Балалардың кедергісіз білім алуына көмектесу мақсатында берілген сыйлықтарға ие болған мектеп оқушылары ерекше қуанды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі