Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің Бас имамы қызметіне Талқанбаев Дастан тағайындалды.
ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы аталмыш қызметті абыроймен атқарып келген Д.Құрманбаевқа алғыс білдіріп, жаңа имам Дастан Шәкібекұлына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Болатбек Ұласқанұлы мешіт ақсақалдарын жаңа имаммен таныстырған соң, қариялар ақ баталарын беріп, облыстың Бас имамымына ризашылықтарын жеткізді.
Талқанбаев Дастан Шакібекұлы – Байқоңыр қаласының тумасы.
Білімі: Жоғары
2007-2011ж ж. аралығында М.И.Неделин атындағы Байқоңыр электрорадиотехникалық техникумында білім алған.
2011-2015 жж. аралығында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін «Исламтану» (бакалавр) мамандығы бойынша тәмамдаған
Еңбек жолы:
2015-2016 жж. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінде наиб имам;
2016-2017 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «Марал ишан» мешітінде Бас имам;
2017-2018 жж. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.
2018-2020 жж. қазан айына дейін Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарып келді.
2020 жылдың 14-қазанынан бастап ҚМДБ төрағасының №2134 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы «Жәрімбет» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.
Тіл меңгеруі:
Қазақ, орыс, араб тілдерін меңгерген.
Үйленген, екі баласы бар.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі