ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің бас имамы Өміржан Жұмаділдаұлы Байқоңырлық М.К. Янгеля атындағы №7 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізіп, «Религия Ислам против экстремизма» тақырыбында насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында имам Ислам дінінің бейбітшілік пен ізгілікке негізделген діні екенін түсіндіріп, жастар арасында теріс ағымдар мен жалған діни түсініктерге қарсы иммунитет қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы рухани тәрбие, ата-анаға құрмет, білім алудың қадірі, діни сауаттылықтың рөлі жайлы мазмұнды уағыздар айтылды.
Іс-шара аясында оқушылар өздерін қызықтырған діни, рухани және өмірлік сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.
Аталған кездесу жастардың діни сауатын арттыруға, дұрыс дүниетаным қалыптастыруға және радикализм мен жат идеологиядан аулақ болуға бағытталған тиімді қадамдардың бірі болды.

77