ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
08/12/2025 140

БАЙҚОҢЫР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ТЕҢБІЛ ДОП ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚМДБ Жастар ісі секторы, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Байқоңырда жастар арасында шағын футболдан «Zharimbet Cup» турнирі өтті.
Ашық алаңда ұйымдастырылған спорттық шара қала жастарының басын қосып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Турнирге жергілікті жастардан құралған 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде мешіт бас имамы Өміржан Жұмаділдаұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы кубок, дипломмен марапатталды.
Мұндай спорттық шаралар жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді арттырып, оларды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.
Аталған шараның жоғары деңгейде өтуіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі өкілдігіне алғыс білдіреміз.
©️ Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешітінің баспасөз қызметі