ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/26/2019 122

Байқоңырда Құран жарысы өтті

Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық «Жәрімбет ата» мешітінің ұйымдастыруымен Құран жарысы өтті.

Алдымен ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Құран оқудың сауабы мен дәрежесі жайлы насихат айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Содан кейін облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, қари Ш.Садуовтың Құран оқып, байқау шымылдығын ашты.

Шәкірттер арасында өткен жарыста 30 жастан жоғары ересектер тобы «Зілзаладан» «Насқа» дейінгі сүрелерді (2 сүрені толық оқу) жатқа оқудан сайысса, 30 жасқа дейінгі жастар тобы «Фәжр» мен «Нас» аралығындағы сүрелерді (кез-келген жерінен жалғастырып оқу) жатқа оқудан бақ сынады.

Шара соңында бас имам Болатбек Ұласқанлы қазылар алқасының бағалауы бойынша үздік деп танылған ересектер тобының жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыстады. Жастар тобының жүлдегерлері де қаржылай сыйлықтармен марапаттады.