ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/17/2021 678

БАЛҚЫМЫЗ ШАРАСЫ ҚАЙТА БАСТАУ АЛУДА

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында “Балқымыз” шарасы қайта бастау алуда.
Шара барысында мешітімізде тұрақты дәріс алып, Құран жаттауға ден қойған жамағатқа облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы «Салт дәстүр мен шариғаттың байланысы» турасында уағыз айтса, Дін мәселелері зерттеу орталығының теолог маманы Бақтияр Оспанов «Қазақы салт-дәстүрлердің маңыздылығы» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Сонымен қатар, мешіт жамағаты арқан тартыс, кір тасын көтеру сынды ойындар ойнап, бір серпіліп қалды. Ақ дастарқан басында қымыз, құрт, ірімшік сынды ұлттық тағамдар қойылып, ұлттық құндылықтар насихатталды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі