
“Әр жұма жақсылық жаса” жобасы аясында Ақай ауылдық “Мүсірәлі сопы Әзіз” мешітінің имамы бірқатар бүлдіршіндермен уақыт өткізіп, көңіл бөлді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шарада балаларға түскі ас алынып, уақыттарын тиімді әрі ұқыпты пайдалансын деп сағаттар тарту етілді.