ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
06/12/2025 24

БАС ИМАМ АУЫЛ МЕШІТТЕРІНІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы Қызылорда қаласы мен оған іргелес ауылдық елді мекендерде орналасқан мешіттерді аралады.
Атап айтқанда, бас имам «Мүбарак», «Хазірет Әли», «Ыбрайым молда», «Ақмолда», «Қарауылтөбе», «Алдажар жәме» және «Сауранбай ата» мешіттерінде болып, жергілікті дін қызметкерлерімен кездесті.
Сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылдық жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстармен, мешіт кітапханаларындағы діни әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнату, түрлі форматтағы діни және рухани іс-шаралар ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұған қоса, мешіт ішіндегі тәртіпке мән беріп, ғимарат пен дәретханалардың тазалығын сақтау, абаттандыру, жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, бүгінде Қызылорда қаласы және оған қарасты ауылдарда орналасқан 24 мешіт халыққа рухани бағыт-бағдар беріп, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі