ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/20/2025 18

БАС ИМАМ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы бүгін Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Қасиетті жұма күні жамағатқа арнаған уағызында Бас имам «Қоғамдағы зиянды дерттер» жайлы насихат айтып, мұсылман адамның тұлғалық келбетіне тоқталды.
Жұма намазынан соң ата-баба рухына Құран аяттарының сауабы бағышталып, жамағатпен бірге елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі