ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/22/2025 37

БАС ИМАМ ҚАЗАЛЫДА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев Қазалы ауданына жасаған жұмыс сапарында Ғани Мұратбаев ауылындағы мешіт құрылысымен танысты.

Заман талабына сай жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің сыйымдылығы 130 адамға арналған. Ғимарат жанында асхана да қарастырылған.

Айта кетейік, құрылыстың қарқынды жүруіне ауыл тұрғындары мен демеуші азаматтар үлес қосуда. Жоспарға сәйкес, нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ҚМДБ, Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі