ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/18/2026 1

БАС ИМАМ ДАСТАН ЖАНАСҰЛЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қызылорда облысының бас имамы Дастан Құрманбаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Қазалы ауданының әкімі Асмасбек Әбілқасымұлымен кездесіп, ауданның діни ахуалы мен рухани бағыттағы жұмыстарды талқылады.

Кездесу барысында Дастан Жанасұлы аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешітіне жаңадан тағайындалған бас имам Рүстем Айтбайұлын аудан әкіміне таныстырды.

Аудан әкімі Асмасбек Әбілқасымұлы Рүстем Айтбайұлын жаңа қызметімен құттықтады. Сондай-ақ мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, ауданның рухани өмірін дамыту бағытындағы жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

Кездесу соңында ауданның бас имамы қызметін осыған дейін атқарып келген Нұрдәулет Асқарұлының еңбегі атап өтілді. Аудан әкімі дін саласындағы атқарған қызметі мен рухани-ағартушылық жұмыстарға қосқан үлесі үшін Нұрдәулет Асқарұлына алғыс білдіріп, Құрмет грамотасымен марапаттады.

ҚМДб-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі