ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
11/11/2019 231

БАС ИМАМ ФОРУМ ҚҰЖАТТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Сырдария және Жалағаш аудандарында сапарда болды.

Сапар кестесіне сәйкес, Сырдария ауданынан басталған сапар барысында Бас имам Б.Абуов аудан әкімі Р.Рүстемовпен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбеновпен кездесті.

Кездесу барысында Болатбек Ұласқанұлы Руслан Рүстемұлына ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттарымен және ҚМДБ “Мұнара” газетімен таныстырып, аудандағы діни ахуал жайлы сұхбаттасты.

Бұдан кейін ауданға қарасты ауыл имамдарының жиынына қатысып, аталмыш форум аясында қабылданған құжаттардың мазмұны мен маңыздылығын түсіндіріп, бірқатар тапсырмалар берді.

Бас имамның сапары Жалағаш ауданында жалғасып, «Иманқұл ата» орталық мешітінде аудан жастарымен кездесуге ұласты. Кездесуде мұсылманға тән қасиеттер жайлы сөз қозғап, жастарға рухани тұғырнамада баяндалған «Имандылық», «Отаншылдық», «Білімділік», «Ауызбіршілік», «Еңбекқорлық», «Мәдениеттілік», «Әділдік» тақырыптарында насихат айтты.

Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ш.Қалыбаевпен және аудандық адагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиевпен кездесті.

Сүбелі сұхбат барысында Ш.Қалыбаев арнайы сапармен келген Б.Абуовқа алғысын білдіріп, ІІІ республикалық форумда қабылданған құжаттардың қоғамдағы бірқатар мәселелердің шешімін табуына өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі