ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
09/15/2023 19

АНАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Аналар күніне орай  “Анашым – жәннатым” тақырыбында кездесу өтті
Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен ерекше форматтағы жиынға әртүрлі сала басшылары мен қоғам белсенділерінен құралған мамандар, жастар мен аналары қатысты.
«Отбасы құндылықтарын сақтау басты парызымыз!» тақырыбында сөз қозғаған Бас имам Болатбек Ұласқанұлы  баланың  ата-ана алдындағы борышы мен ананың қадірі, ұрпақ тәрбиесі жайлы насихат айтты.
Жастар аналарға арнап өлең-шумақтарын арнаса, өзге де спикерлер отбасы құндылықтарын құрдымға кетіретін өзекті мәселелер туралы пікірлерін білдіріп, жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, ата-ананы жылатпай, мақтанышына айналуға шақырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі