ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
12/26/2019 130

Бас имам Мұхтар Ниязовтың иығына шапан жапты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы «Балқымыз» асханасында облыс жамағаты бас қосқан жиын өтті.

Жиын алғашқы болып сөз алған ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі бас имамы Болатбек Абуов ынтымағы жарасқан жамағатқа құт-береке тіледі. Сондай-ақ бас имам кешегі Орал қаласында өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты VІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Айтыстың ақтаңгері» атағын жеңіп алған Мұхтар Ниязовты жеңісімен құттықтап, иығына шапан жапты.

Сонымен қатар жамағаттың ынтымақ-бірлігін арттыруға үлес қосып, үнемі игі істердің қасынан табылып жүрген Сыр елінің белсенді азаматтарын марапаттап, алғыс білдірді. Жиында «Жәрімбет ата» мешітінің бас имамы Д.Құрманбаев «Мешітке жүрегі байланған адам», «Ауызбіршілік» тақырыптарында уағыз айтты.

Жүздесу соңында гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс сынды ұлттық спорт сайыстары өткізіліп, жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алған мешіт жамағаттарын қаржылай сыйлықтармен марапаттады.