ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
02/21/2023 122

БАС ИМАМ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов Арал, Қазалы аудандарындағы Қарилар даярлау орталықтарының жас шәкірттерімен жүздесті.
Аудандарға сапары аясында Сыр өңірінің бас имамы оқу ордаларының тыныс—тіршілігімен танысып, тәлімгерлермен сұқбаттасты. Кездесуде жас шәкірттерге ата-ана мен ұстаздарды құрметтеу, Отанды сүю, уақытты тиімді пайдалану, жастық энергияны дұрыс бағытта жұмсау, түрлі ғылым-білімді меңгеру мен үздіксіз дамудың маңыздылығы жайлы насихат айтты.
Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында қолданысқа берілген Аралдағы 70 адамдық орталықта дәрісхана және жатақханамен қамтылса, ал Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» Қарилар даярлау орталығында бір мезетте 100 шәкірт тәлім ала алады. Ғимаратта дәрісхана, кітапхана, жатақхана, асхана бар.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі