ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
05/31/2024 36

БАС ИМАМ МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ


Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылында “Оңғар ахун” мешітінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді.

Ашылу рәсіміне облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, “Бала тәрбиесінің отбасындағы рөлі” тақырыбында жұма уағызын айтты.

Салтанатты шарамен бірге ауылда Оңғар ахун Тұрымбетұлының 180 жылдығына ас беріліп, Құран байқауы, ат жарыс секілді ұлттық спорттық сайыс ұйымдастырылды.

Аталмыш мешіттің ескі ғимараты 1994 жылы 25 қазанда ашылып, 30 жылға жуық уақыт халық игілігіне жұмыс жасады. Ауыл халқының сұранысына орай 2021 жылы жаңа мешіттің ірге тасы қаланып басталды. Жанашыр кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен салынған мешіттің сыйымдылығы 180 адамға арналған.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі