ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ресми сайты
10/10/2020 155

БАС ИМАМ ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕАРНАНЫҢ «ЖҰМА МІНБЕРІНДЕ» СҰХБАТ БЕРДІ

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Абуов облыстық «Qyzylorda TV» телеарнасының жаңадан ашылған «Жұма мінбері» айдарында сұхбат берді.
Алғашқы сұхбатты құттықтау лебізімен бастаған Болатбек Ұлақсанұлы облыстық телеарнада бастау алған игі жобаның берекелі болуын тіледі. «Исламдағы құлшылық» тақырыбында сұхбат өрбіген «Jana kun» ақпараттық-танымдық бағдарламасының жаңа айдарында Бас имам адам баласының жаратылуындағы хикмет пен даналыққа, исламдағы ғибадаттың түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар, пандемия кезінде қойылған шектеулерге байланысты мешіттердегі құлшылықтарға енгізілген ерекшеліктерді де атап өтті.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі